Оның айтуынша, жеке құрам арасында тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылады.
«Соның бірі – аттестация. Жеке құраммен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерін жұмыстан шығарамыз. Егер полицейлер заңсыз әрекеттерге барып жатса, онда өзіндік қауіпсіздік қызметі мен кадрлық бөлімшелер қызметкерлері осы адамдарды ертерек анықтамағаны үшін жауап береді», — деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Игорь Лепеха биыл өтетін кезектен тыс аттестация барысында жауапсыз полицейлер қызметінен кетуі мүмкін екенін жеткізді.
«Біз қызметіне сай келмейтіндерді жұмыстан шығарамыз. Олардың орнына халықтың арасынан басқасын аламыз. Мұнда (полицияны) қысқарту туралы сөз болып отырған жоқ», — деді министрдің орынбасары.