Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Су басқан өңірлерге 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылды

ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев авариялық-құтқару іс-шараларына 5,5 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ ведомстволық академия курсанттары жұмылдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Олардың көмегімен 12 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның ішінде 290-нан астам тұрғын тікұшақ техникасы арқылы эвакуацияланды. Сондай-ақ 8,5 мың метр арықтар тазаланып, суды бөгеу үшін 115 мыңнан аса қап төселді.

«Барлық іс-шараларға полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің ең көп саны жұмылдырылды. Жағдай нашарлаған жағдайда басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылатын болады. Бүгінде республика бойынша құқықтық тәртіпті 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қамтамасыз етуде», — деді ол.

39 ауданда зардап шеккен елді мекендер қоршауға алынды. Қараусыз қалған 1 266 тұрғын үй мен басқа да нысандар күзетілуде. Тонау, ұрлық сынды қылмыстарға жол берілмеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін 87 уақытша орналастыру пункті ұйымдастырылды.

Жолдағы қауіпсіздік қамтасыз етілуде. Республикалық маңызы бар жолдардың 17 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Су басқан аймақтардан полицияның сүйемелдеуімен арнайы колоннамен 3,5 мың автокөлік шығарылды.

Патрульдік полиция экипаждары халықты ахуал бойынша хабардар етіп, қауіпті ескерту жұмыстарын жүргізуде. Жалған ақпараттың таралуына тосқауыл қою үшін ақпараттық кеңістікті бақылауда.

 

Тегтер: гуманитарлық көмек

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz