Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сұхбат бергенім үшін қысым көрдім деген қария жансақтау бөлімінде жатыр

Сұхбат бергенім үшін қысым көрдім деген Нарынқол тұрғыны жансақтау бөлімінен бірақ шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz Almaty.tv арнасы жазған мәліметке сүйеніп. Осыдан 10 күн бұрын телеарнаға сұхбат беріп, ауылдағы ауруханаға білікті мамандар қажет, сауатсыздар керек емес деп ойын ашық айтқан.

18.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

«Әйтеуір диагноз қояды, диагноздың көбін ұялы телефонға қарап қояды ғой. Өздері ауруды таба алмайды ғой. Оқымаған, түк білмейтіндер керегі жоқ. Оқыған, білімі жететіндер келу керек», – деді Нарынқол ауылының тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.

Даудың басы осы сұхбаттан басталған. Көп ұзамай әлеуметтік желіде Әлібек Дәлденбаевтың кешірім сұраған видеосы тарап, желіде қызу талқыға түсті. «Қорқытып кешірім сұратқан», «Ойын айтқаны үшін кінәлі ме?» «Жергілікті әкімдік қысым көрсеткен» деген пікірлер жазылды.

Алпыс жастағы ауыл тұрғыны маған қысым жасағандықтан кешірім сұрап, видеоға түстім дейді. Ал Нарынқол ауылының әкімдігі ешкімді қорқытпағанын алға тартты. Екі тарапты да тыңдап, бір мәмілеге келетіндерін жеткізді.

«Кірді, отырдық, әңгімелестік. Жаман әңгіме болған жоқ. Мен басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, осы кісілерге барамыз деп айттым», – деді Нарынқол ауылдық округінің әкімі Амангелді Шенебеков.

Ауыл әкімінің сөзіне келіспеген қарияның әкімдік алдында қан қысымы көтеріліп, сол жерден жедел-жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткен.

«Ұялы телефонға қарап диагноз қоймаймыз. Ауданның әкімі бар, ауданның бас дәрігері бар, келіңіз, кім сізге телефонмен диагноз қояды? МКБ-10 деген аурудың коды бар, ұялы телефонға қараймыз. 57 дәрігер бар, соның бәрі топас емес», – дейді Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігері Жантас Әкімбаев.

Райымбек аудандық ауруханасының бас дәрігері қол астындағы әрбір қызметкер үшін сенімді екенін айтты. Ауылда маман тапшы екенін растай отырып, 17 дәрігерді жұмысқа шақырғанын жеткізді. Жақындарының айтуынша, әкімдік алдында хәлі нашарлап, аурухананың жансақтау бөліміне түскен Әлібек Дәлденбаевтың жағдайы қазір бірқалыпты. Ал жергілікті әкімдік бұл мәселені көп ұзамай шешіп береміз деп уәде етті. Алайда кешірім сұраған видеоны кім түсіргені белгісіз болып отыр.

Тегтер: оқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz