Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

СҚО-да құны 15 миллион тұратын вейптер тәркіленді

СҚО полициясы құны 15 млн теңгеден асатын вейптер тәркіледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.07.2024
Жаңалықтар, Қоғам

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күнде Петропавл қаласында вейптерді заңсыз сатудың үш фактісін анықтады. Сұйық қоспалар түріндегі никотин денсаулық үшін, әсіресе, жасөспірімдер үшін өте қауіпті.

Вейптерді пайдалану мидың, жүрек-тамыр жұмысына кері әсерін тигізеді, аллергиялық реакцияларды қоздырады. ҚР заңнамасымен шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерлі және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға және жарналамауға тыйымы салынған. 2024 жылғы 20 маусымда аталған Заң өз күшіне енді. ҰҚҚКБ жедел уәкілдері тыйым салынған заттарды саудалаған Интернациональная көшесіндегі бутиктердің бірін анықтады. Тінту кезінде екі маркадағы 150 вейп тәркіленді.

Тәркіленіп алынған заттардың жалпы сомасы 2 миллион 400 мың теңгені құрады. Дәл сол күні жедел уәкілдер Алтынсарин көшесінде 19 жастағы қала тұрғыны жалға алған көлікжайда 197 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 542 құтыны анықтап, тәркіледі. Тәркіленген заңсыз тауардың жалпы сомасы 7 миллион теңгені құрады. Жас жігіт аталған тауарды сатуға заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оларды сатып келген, бұл ісін іске асыру үшін Telegram мессенджерін пайдаланған.

Одан бөлек, Добровольцев көшесінің бойында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Volkswagen автокөлігінің 19 жастағы жолаушысынан түрлі маркадағы 272 вейп пен оларға арналған сұйықтық құйылған 130 құтыны анықтады. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 6 миллион 220 мың теңгеге бағаланып отыр. Жас жігіттің айтуынша, ол да заңмен бұл тауарға тыйым салынғанын білген, бұған қарамастан танымал мессенджердегі каналды пайдаланып, осы өнімдерді сатып келген. Барлық үш факті бойынша да сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, тергеу жүріп жатыр.

Тегтер: СҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz