Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Синтетика» жасауға арналған 72 тонна прекурсор тәркіленді

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

24.03.2023
Жаңалықтар
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттар шығару үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды.

Өткен жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ биылғы наурызда прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.

Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурыз күні Алматыда осы іс бойынша қалған фигуранттар – көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық ұсталды.

Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электронды таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді.

Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі.

Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі – 72,7 тонна. Осылайша, 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл – 8 миллион бір реттік доза. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тегтер: ІІМқылмыстық топсинтетикалық есірткі

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz