Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте қала әкімінің экс-орынбасарына қатысты сот жүріп жатыр

Шымкентте қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2024
Жаңалықтар

Бұл ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі өкілдері растады, бұрынғы шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы, 4-бөлігі «Пара беру» бойынша іс сотта қаралып жатқаны айтылды. Ресми мәлімет бойынша, іс бойынша басты сот 12 наурызда басталған.

Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2023 жылы 20 шілдеде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеу барысында ол қамауға алынды. Бұған дейін тергеу органдары оқиғаның егжей-тегжейін жарияламаған болатын.

«Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді», — деп хабарлады бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Otyrar.kz мәліметінше, Мақсұт Исаховқа қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталып жатыр.

Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2020 жылғы ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Қалалық әкімдікте көлік және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы, туризм, дене шынықтыру және спорт, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ, цифрландыру саласы, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелеріне жетекшілік етті.

Тегтер: Сот

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz