Ведомство мәліметінше, оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде құтқару күштері оқиға орнына жеткен. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллонын сыртқа шығарып, 10-нан астам адамды құтқарған.
Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен. 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.
Оқиға орнында облыстық ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, өрт сөндіру бөлімшелері, құтқару жасақтары, медициналық қызмет, полиция және газ-техникалық инспекция жұмыс істеп жатыр. Санитарлық авиация мен ТЖМ реанимобильдері дайындыққа келтірілген.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ТЖД мәліметінше, өрт толық сөндірілген. Құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Оқиғаның нақты себептері анықталуда.
Ақмола облысы ТЖД жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 514-298.




