Мемлекет басшысына жылы лебіздерін жеткізгендер қатарында келесі елдердің басшылары бар:
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев
Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян
Құттықтау қоңырауларында шетелдік көшбасшылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және мемлекет басқаруда табыс тіледі. Олар Қазақстан халқына адал қызмет етудегі жауапты тарихи миссиясынлайықты жалғастырып келе жатқанын атап өтті.
«Шет мемлекеттердің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тіледі», – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Мұндай құттықтаулар – Қазақстан Президентінің халықаралық аренадағы беделі мен өзара сенімді қатынастардың көрсеткіші. Мемлекет басшысы әлемдік көшбасшылармен сындарлы диалог пен серіктестік орнатуға басымдық беріп келеді.





