«Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге көлемінде қосымша кіріс алған», — дейді агенттіктен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.