Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шаруалар қой терісін өртеуге мәжбүр

Елдегі тері өндірушілер илегенге ірі қара малдың терісін таппай жүр. Себебі мыңдаған дана сиыр терісі сырт елдерге шикізат ретінде кетеді. Тығырыққа тірелген тері өндірушілер мен шаруалар биліктен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

25.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Ал қойдың терісі шетелге өтпейді. Сондықтан шаруалар шикізатты амалсыз қоқысқа тастайды. Бұрын ұсақ мал терісінен де табыс тауып келген шаруалар қазір оны тиынға болса да алатын адам таппай жүр. Қозыбай Атбағаровтың күнделікті жұмысы – жаңа сойылған мал терісін қоқысқа шығару. Тері тау болып үйілген соң оны қоқыс полигонына жөнелтеді. Айнала өлексе сасымас үшін тері төгілген жерді күн сайын өртеп тұруға тура келеді.

«Мал терісі бұрын табыстың бір көзі болса, бүгінде шаруаларға қосымша жүк болып тұр. Қой терісін ешкім алмайды. Керек болмағасын күнделікті қоқысқа кетеді. Осы аймақта қанша шаруа бар. Бәрінікі қоқыста жатыр», — деді шаруа Қозыбай Атбағаров.

Отандық өндірушілердің де қой терісін өңдегісі келмейді. Өйткені одан жасалған жартылай фабрикатқа шетелден сұраныс жоқ. Ал елімізде иленген қой терісінен бұйым жасайтын отандық кәсіпорын жоқ. Есесіне жылына елімізде екі жарым млн данадан астам ірі қара мал терісі жиналады. Оның өзін делдалдар ақшасы үшін шетел асыруға бейімделіп алған.

«Аусылға (мал індеті) байланысты теріні ресейге шығармайтын. Қазір аусылдың карантин уақыты бітіп, шекара ашылып, ірі қара малының терісі ресейге жөнелтіліп жатыр. Тікелей өзіме қатысты айтсам, зауытта қазір тері жоқ. Тері жоқ болған соң зауытымыз тоқтап тұр», — дейді Қазақстандағы тері өндірушілер қауымдастығының төрағасы Нұрман Нүптекеев.

Қазақстанда ірі қара мал терісін өңдейтін 10 кәсіпорын бар. Олардың көбі кейде істемей, тұралап қалады. Бірінің тозығы жетсе, енді біріне шикізат жетіспейді. Осы уақытқа дайын теріден бұйым жасайтын өндіріс орыны іске қосылмапты. Қазір тері өндіру саласының фукцияларын Индустрия министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне толық өткізу жұмысы жүріп жатыр.

Елімізде былғарыдан бұйым жасайтын кәсіпорынның нарықтағы үлесі небәрі – 4%. Қазір екі зауыт қана жұмыс істеп тұр. Оның өзі кеңестік кезеңнен қалып, қайта жөндеуден өткен, жаңа өндіріс орны ашылмады.

Қазір тері өндірушілер қауымдастығы мен Ауыл шаруашылығы министрлігі теріден желатин жасайтын зауыт құрылысы үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Сонда елдегі бүкіл мал терісі тамақ өндірісіне бағытталмақ.

Тегтер: ірі қара мал

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz