Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Танымал қазақстандық шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды, деп хабарлайды alataunews.kz.

25.04.2023
Жаңалықтар

Халықаралық шахмат шебері қуанышты хабармен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, күйеу жігіт – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриев.

«Барған жеріңізде бақытты болыңыз! Бүгін отандық шахматтың мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды. Жас отбасыға бақыт, береке тілейміз!», — деп құттықтады Қазақстанның шахмат федерациясы.

Айта кетейік, Жансая Даниярқызы Әбдімәлік 2000 жылы Алматы қаласында туған. Ол бес жасында шахмат ойынының ережелерін үйренді, ал жеті жасынан шахмат мектебінде жаттықтырушы Николай Перегудовтың жетекшілігімен оқыды. 2007 жылы қаңтарда өз жасындағы қыздар арасында Қазақстан чемпионы атанса, 2008 жылы да 8 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 10/11 нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал 2011 жылы 12 жасқа дейінгілер арасында 8/9 ұпай жинап, әйелдер арасында халықаралық шебер атағын алды, қыздар арасынды әлем чемпионы атанды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жансая Әбдімәлікке «Құрмет» орденін табыс етті. Ал 2022 жылы жаңадан құрылған Алматы шахмат федерациясының құрметті президенті атанды.

Тамыз айында шахматшы қыз 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды.

Тегтер: Жансая Әбдімәлікшахмат

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz