Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Әскери бөлімде офицер өлі күйінде табылды

Семей қаласында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімінде офицер өлі күйінде табылды. Бес баланың әкесі оқ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

23.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Ресми мәліметке сәйкес, офицер Бақытжан Әріпжанов өз-өзіне қол салған. Оқ басына тиген. Алайда туған-туыстары бес баланың әкесі ондайға бармайды деп отыр.

«Оның бір проблемалары болған. Шымкентке ауысамын деп жүрген. Бірақ үлгере алмай қалды», — дейді марқұмның әкесі Күлібек Әріпжанов.

Бақытжан әскери салада 10 жылдан астам уақыт қызмет етті. Қатардағы жауынгерден капитанға дейін жетті. Басында Түркістан облысында қызмет атқарды. Одан кейін Семейге ауысып барған. Шымкент қаласына ауысамын деп жүргенде қайтыс болды.

Сол күні офицер бір сағат бұрын апасына телефон шалған. Үш жасар қызымен амандасып, артынан хабарласамын деп, телефонды қоя салған. Одан кейін еш эмоциясы жоқ біртүрлі хабарлама жіберген. Сосын әйеліне «Қош бол!» әнін жолдаған.

Туған-туыстары мұның бәрі әдейі жасалуы мүмкін деп ойлайды. Ал әскери бөлімнің қызметкерлері Бақытжанның кезекшіден тапанша алып, басына оқ атқанын айтып отыр.

«Офицер қаза болды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр. Сондықтан басқа ештеңе айта алмаймын», — дейді 31767 әскери бөлімнің командирі Айбол Өтегенов.

Марқұмның туыстары қосымша тәуелсіз сот-медициналық сараптама өткізуді және барлық мән-жайды жан-жақты тергеуді талап етіп отыр.

Тегтер: Семей

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz