Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Самара — Шымкент трассасында 5 адам, соның ішінде 2 бала қаза болды

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза болды. Олардың арасында екі бала бар, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

26.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Жол апаты бүгін, 26 шілдеде түнгі сағат үш шамасында Жалағаш ауданына қарасты Таң ауылы тұсындағы Самара — Шымкент автожолының бойында болған.

«Оқиға орнында 27 жастағы азаматтың басқаруындағы «Toyota Camry» және 42 жастағы азаматтың басқаруындағы «Daewoo-Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан екі жүргізуші, «Daewoo-Nexia» көлігіндегі Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын 42 жастағы жолаушы, 6, 10 жастағы екі бала көз жұмды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті, «Жосалы» күрежол медициналық бекеті, жедел жәрдем бригадасы, аудандық полиция бөлімінен келген мамандар тиісті жұмыстар атқарған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен​ (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі​ немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Тегтер: Жол апатыСамара – Шымкент

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz