Президенттікке кандидатпен кездесудегі негізгі әңгіме білім экономикасы: технологиялар, ноу-хау, зияткерлік меншік туралы болды.
Салтанат Тұрсынбекова Алматыны екінші күн қатарынан аралап жүр. Бірінші күні ол қала тұрғындарымен кездесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылаған.
Алматы — қазірдің өзінде кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен сапарлаған алтыншы өңірі. Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында болған.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады.
19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.