Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сәнді киінеміз: күз бен қыс айларына арналған сыртқы киімдер

Күн суығанда ең алдымен сыртқы киімдерді түгендей бастаймыз. Былтырғылар биыл киюге келе ме, кішірейіп немесе сәннен өтіп кетпеді ме, мүмкін ұзақ киіп, жалығып кеткен боларсыз. Дүкенге шықпас бұрын бізді оқып алыңыз, Marieclaire.ru әйелдерге арналған онлайн-журналының стилистерінің пікіріне сүйене отырып биыл ненің сәнді екенін айтамыз.

16.09.2022
Жаңалықтар

Бомбер

Биыл ұзын пальто, былғары плащтар, бомбер мен экожүннен тігілген сыртқы киімдер сәнде. Бұл маусымның ең сәнді киімі не десеңіз – ол сөзсіз бомбер. Сәнге енгелі 1-2 жыл болса да биыл ерекше орында тұр. Рианна, Белла Хадид сияқты танымал сәнқойлар бомберді әр түрлі киіммен киіп, былғары қысқа күртелер мен тренчтерден әлдеқайда сәнді екенін көрсетті.

Биыл кең (оверсайз) киімдер, нейлон мен экобылғары мен былғарыдан тігілген сыртқы киімдер де сәнде. Мәселе бәрін жарасатындай етіп үйлесімді киінуде. Бомберді джинсы шалбарлармен кисеңіз стиліңіз ерекшеленіп, бірден көзге түсесіз. Оларды сондай-ақ үлбіреген ұзын, қысқа кең етек көйлектермен, юбкалармен де кисеңіз сәнді көрінесіз.

Рианна

1 of 10
- +

Белла Хадид

1 of 9
- +

Былғары пальто мен плащ

Стильді және сәнді көріну үшін не кисек болады? Ең қарапайымы — бірнеше  жылдан сәннен түспей келген былғары плащ. Биыл әлемдік дизайнерлер оны біраз құбылтты. Түсін үйреншікті қара, қоңырдан бөлек әртүрлі етті және оған түрлі принт те салды. Сондай-ақ 90-шы жылғы винтажды алдыңызға әкелді, былғары плащтар мен пальтоларды түймелеп, алдын орай жабатын етіп тікті. 90-шы жылдары киген ұзын қара плащтар кімнің есінде? Үйде тұрса, соны бүгін киіп алыңыз. Көшедегі ең сәнді адам сіз боласыз.

 

1 of 12
- +

Тон

Былғары күрте мен мамық, жеңіл қысқа күртелерді тонмен ауыстырсаңыз сәнді көрінесіз. Сырты былғары, ішкі жүні түрлі-түсті тондар — биылғы хит! Олардың ұзындығы әртүрлі, қысқасы да, ұзыны да, классикалық үлгісі де – бәрі сәнде. Жарасқаны мен ұнағанын алып, кие беріңіз. Мұндай тонды кигенде биік өкшелі аяқ киім де, бәтеңке де үйлесе береді.

 

1 of 9
- +

Сыртқы киімнің ұзындығы — макси

Биыл негізінен ұзын киімдер сәнде. Ұзын пальто, тон, былғары плащтар. Түрлі-түсті жүннен және экобылғарыдан тігілген пальтолар, мамық жүннен (пуховик) ұзын курткалар жылы әрі сәнді көрінеді.

 

1 of 8
- +

 

Принт

Күнделікті киімнен жалығып кетпес үшін түрлі принт араластыруға болады. Жан-жануарлардың терісіне ұқсас принттерден тігілген сыртқы киімдерді классикамен де, былғары шалбар мен юбкалармен де жараса кетеді. Таңдау өзіңізде!

 

1 of 8
- +

Экомех

Экожүн — дизайнерлердің ең сүйікті материалы десе болады. Тіпті табиғи жүннен еш айырмашылығы жоқ экологиялық таза жүн жасап шығарып, содан түрлі сыртқы киім тігіп жатыр. Оны кез келген түске бояп, суреттер салып, сәнді киімге айналдыру — дизайнерлердің биылғы туындылары.

 

1 of 9
- +

«Үрілген» күртелер

Биыл үріп қойғандай кеңдеу, ұзын күртелер сәнде. Олар жылы, әрі сізді стильді, сәнді көрсетеді. Сондай-ақ біртүсті, классикалық үлгідегі пальтолар да сізді ерекше ететінін естен шығармаңыз.

 

1 of 7
- +

 

Енді дүкен аралай берсеңіз болады, келесі жолы жемпір таңдаймыз.

Тегтер: қыс

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz