Биыл Республика күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбі, 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, азаматтар қатарынан үш күн — 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.
Еңбек заңнамасына сәйкес, бес күндік жұмыс аптасында 25, 26 және 27 қазан демалыс болып белгіленді. Ал алты күндік жұмыс аптасында 25 және 26 қазан демалыс, 27 қазан — жұмыс күні болып есептеледі.
Жалпы, 2025 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
Республика күні ел тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн Қазақстанның мемлекеттік мәртебесін айқындаған тарихи шешімдер қабылданған сәтті еске түсіреді.






