13 жастағы Маникандан оқу үлгерім жағынан құрдастарының арасынан оқ бойы озық болған. Қызының сыныптасының жетістігін көре алмаған әйел жасөспірімнің көзін жоюды шешкен.
2 қыркүйек күні әйел мектепке келіп, өзін күзетшіге Маниканданның анасы деп таныстырып, «ұлына» сусыны бар бөтелкесін беруді өтінген.
Сусынды еш алаңсыз ішкен оқушы артынша ауырып қалған. Жасөспірім құсып, іші өтеді. Бала емханадан келген күннің ертеңіне тағы ауырып қалады. Бірақ бұл жолы оны құтқарып қалу мүмкін болмай, Маникандан қайтыс болды.
Тергеу барысында Маниканданның өз анасы ұлының бөтелке туралы айтқанын есіне түсіріп, сол күні оған ештеңе бермегенін жеткізді. Содан кейін полиция тексеру жүргізіп, 42 жастағы әйелдің әрекетін әшкерелеген. Ол өз ісін мойындап, сусынға әлсірететін зат қосқанын айтты.
Күдікті қамауға алынып, оған кісі өлімі бойынша айып тағылды.