Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында жаңа медициналық нысандар ашылып, 132 тұрғынға пәтер табысталды

Алматы облысында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Соның бірі – Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа медициналық нысандардың ашылуы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Аталған жоба шеңберінде Іле ауданында екі бірдей медициналық орталық салынды. Оның бірі Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында орналасса, екіншісі «Береке» саяжай-кооперативі аумағында бой көтерді.

Жаңа нысандардың құрылысына «Капитал Строй Проект групп» компаниясы мердігерлік етті. Медициналық орталықтар заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, өңірде әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары да жалғасып жатыр.

Іле ауданы мен Қонаев қаласында бірқатар тұрғындарға жаңа пәтер кілттері табысталды. Бұл баспаналар жалға берілсе де, алдағы уақытта тұрғындардың оларды өз атына аударып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Облыс орталығы Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспана алса, Іле ауданындағы «Galamat» тұрғын үй кешенінен 82 азамат жаңа үйге қол жеткізді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарды баспанамен қамту және әлеуметтік нысандар салу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz