Қытайлық әуекомпания алғашқы әуе рейсін орындап та үлгерді.
«Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің бірлескен жұмысының арқасында 2023 жылғы 7 қыркүйекте қытайлық «Loong Airlines» әуекомпаниясы Ханчжоу – Алматы бағыты бойынша алғашқы жолаушылар рейсін орындады. Рейстер «А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады», — делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.
Жаңа әуе тасымалдаушының Қазақстан Республикасының әуе тасымалы нарығына кіруі, сондай-ақ жаңа әуе бағыттың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.