Сейсмикалық станциялар желісінде 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 06:41-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6.
Магнитудасы MPV 4.2.
Жер сілкінісінің координаталары – 41,21° солтүстік. 78,77° шығыс
Тереңдігі 5 км.
Жер сілкінісі Қазақстанда сезілген жоқ.