Оның айтуынша, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа қайшы келетін ақпараттарды таратуды шектеп, ажырасқан әйелдерге бұрынғы күйеуі мен ата-енесі туралы жаман пікір айтқызуды тоқтату керек.
«Кейбір келіндер өз әкесін мақтайды, бірақ сонымен бірге қайын атасы мен енесін жамандайды.Ал ажырасқанда әлеуметтік желіге өз пікірлерін жариялайды. Мұндайлар үлгі болмауы керек. Олар қайын атаға қысқа шалбар киме деп тыйады, онда келіндер орамалын шешпесін», — дейді Ақылбек Жапаров.