Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құжаты 25 жылдан кейін рәсімделген ер адам сотталуы мүмкін

Жамбыл облысы Талас ауданында 25 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген ер адамға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Талас аудандық прокуратурасының арызы бойынша ер адамның құжаттары рәсімделген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Талас аудандық сот баспасөз қызметінің өкілдері күдіктіге бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру салдарынан қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеді, алайда оның туу туралы акт жазбасы мен жеке басын анықтайтын құжаттары болмаған.

«Тәжікстан Республикасының Әділет Министрлігінің Кубодин ауданы бойынша Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің сұратуға берген жауабынан, Н.-нің туу туралы жазбасы жасалмағаны анықталды. Сотта куәлер Н. олардың туған ағасы екенін растап, ол Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Қазақстан облысы Шардара ауданы Бірлік ауылында туылғанын және сонда бірге тұрғандарын айтқан. Алайда әкелері қайтыс болған соң, олар аналарымен бірге Тәжікстан Республикасына кетіп қалғанын, ал ағалары Н. құжаттары болмағандықтан, Қазақстанда қалып кеткенін айтқан», — делінген Жамбыл облыстық сотының сайтында.

Азаматтың құжаттарды басқа жолмен алуға мүмкіндігі болмаған, себебі ол медициналық ұйымнан тыс жерде туылған және оның туылған дерегі тиісті тәртіппен тіркелмеген, медициналық ұйыммен белгіленген үлгідегі туу туралы анықтама берілмеген. Мұндай жағдайда, сот, сот отырысы барысында анықталған істің нақты мән-жайларын назарға алып, қойылған талапты қанағаттандыру туралы тұжырымға келді.

«Шешім заңды күшіне енді. Оның негізінде, азаматтың туу туралы акт жазбасы жазылып, оған туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі берілген», — делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық сот баспасөз қызметінің өкілі Айнаш Махамбетованың айтуынша, ер адам Қазақстан азаматы, біздің елде дүниеге келген, алайда құжаттарын рәсімдемеген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, яғни ұрлық жасау фактісі айып тағылған.

Тегтер: құжат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz