Мамандырдың айтуынша, орманға шыққанда жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мынадай сақтық шараларын орындау қажет:
Саңырауқұлақ теруге тек күндізгі уақытта барыңыз;
Белгілі маршрутпен ғана жүріп, жалғыз шықпаңыз;
Өзіңізбен бірге су, тамақ, жылы киім, қажетті дәрі-дәрмек және зарядталған телефоныңызды алыңыз;
Туыстарыңызға немесе таныстарыңызға барар жеріңіз бен болжамды қозғалыс бағытыңызды алдын ала хабарлаңыз;
Қоңырау шалатын уақытты алдын ала келісіп алыңыз;
Ашық түсті киім киіңіз, бұл сізді алыстан көруге көмектеседі.
Құтқарушылардың айтуынша, орманды жерлерде адасу, жарақат алу немесе ауа райының күрт өзгеруі салдарынан төтенше жағдайлар жиі тіркеледі.
«Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз, бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – деп ескертеді ТЖМ мамандары.





