Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: ОСК жеті саяси партияны сайлауға қатысуға тіркеді

Қазақстанда 23 тамызға жоспарланған Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың тізімі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 1 шілдеде өткен отырысында жеті саяси ұйымды сайлау науқанына қатыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәлімдеуінше, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу құқығы келесі жеті партияға берілді:

  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • «Әділет» саяси партиясы;
  • «Байтақ» қазақстандық «жасылдар» партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • «Республика» партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

«»Ақ жол» ҚДП республикалық қоғамдық бірлестігін, «Ауыл» партиясын, «Әділет» саяси партиясын, «Байтақ» қазақстандық «жасылдар» партиясын, Қазақстан Халық партиясын, «Республика» партиясын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға қатыстыру туралы қаулы қабылдансын», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Құрылтай сайлауына қатыспайтыны туралы ресми өтініш түскенін хабарлады.

ОСК төрағасының айтуынша, партия комиссияға сайлауға қатыспайтыны жөнінде ресми хат жолдаған.

«Құрметті әріптестер, ОСК-ға AMANAT партиясынан Құрылтай депутаттары сайлауына қатыспайтындықтары туралы ресми хат келіп түсті. Өтініш қабылданды», – деді Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін AMANAT партиясының «Әділет» партиясымен бірігетіні туралы жарияланған болатын.

Айта кетейік, биылғы 23 тамызда өтетін сайлау Қазақстандағы жаңа Конституцияға сәйкес құрылатын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы депутаттық құрамын жасақтайды. Жаңа заң шығарушы орган екі палаталы Парламенттің орнына құрылып, елдің заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болады. Құрылтай құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат енеді.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жалақыдан жалақыға дейін: қарызға тәуелді қоғам қаржылық еркіндікке қашан жетеді?

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
21.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
21.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
21.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz