Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Құрманғазы оркестрі Іле Алатауының баурайында концерт береді

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі 20 тамызда Аюсай шатқалында ашық концерт өткізеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

18.08.2022
Әлем, Жаңалықтар

Музыканттар Аюсай визит-орталығына іргелес аумақтың тау баурайында өнер көрсетеді. Тегін концертті шатқалға келушілердің барлығы тамашалай алады.

QazaqGeography қоғамдық бірлестігінің қатысуымен өтетін концертті Аюсай визит-орталығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Іле-Алатау ұлттық паркі қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Оркестр Құрманғазы, Дәулеткерей, Шәмші Қалдаяқов, Жорж Бизе, Леонард Бернстайн сияқты көрнекті қазақ және шетел композиторлардың шығармаларын орындайды.
Құрманғазы атындағы оркестрдің ғасырлық тарихы бар. Өнер ұжымының репертуар қоржынында 3500-ден астам туынды бар. 81 талантты музыканты бар оркестр жас дирижер Абылай Тілепбергеннің жетекшілігімен еңбек етіп жатыр. Ұжым осы уақытқа дейін әлемнің 80-ге жуық елін аралаған.

Концерт 20 тамызда сағат 14:00-де басталады. Өнер кеші 2 сағатқа жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Жалақыдан жалақыға дейін: қарызға тәуелді қоғам қаржылық еркіндікке қашан жетеді?

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
21.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
21.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
21.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz