Top.Mail.Ru
Понедельник, 2 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Құрғақшылықтың салдарынан бұрын су астында қалған сан ғасыр бұрынғы жәдігерлер жер бетіне шығып жатыр

Жер шарының жартысында аптап ыстықтан өзен-көл таязданып, су қоймалары құрғап жатыр. Олардың түбінен түрлі дүниелер табылып жатыр. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

by
26.08.2022
in Аймақ, Жаңалық

Янцзы өзені деңгейінің төмендеуінен үш будда мүсіні су бетіне шықты. Археологтардың болжауынша, олар шамамен 600 жыл бұрынғы жәдігер болуы мүмкін.

Еуропада Дунай өзені қатты таязданған, бұл соңғы 500 жылда болмаған құбылыс. Өзеннің түбінен жарылғыш заттар тиелген ондаған неміс әскери кемесінің қалдықтары табылды. Олар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Прахово порты маңында батып кеткен.

Иракта ұзаққа созылған құрғақшылықтан егін шықпай қалуы мүмкін. Ел билігі егістіктерді суару үшін Мосул қоймасынан су жіберуге мәжбүр болды. Суды ағызған кезде астынан көне қаланың қирандылары шыққан. Археологтар оларды біздің дәуірімізге дейін шамамен 1400 жылғы өркениетке жатқызып отыр. Үйінділер Митанни империясының Закику қаласына тиесілі. Бұл империя солтүстік Сирия мен Месопотамияның бір бөлігін біздің дәуірімізге дейінгі 1550-ден 1350 жыл аралығында бақылауда ұстаған.

Жаңбырдың болмауы мен ұзаққа созылған аптап ыстықтан Еуропаның көптеген елдері қуаңшылыққа тап болды. Су деңгейі азайған өзендердің түбінен байырғы адамдардың дабыл қаға қалдырған ескертулері шықты. Олар қатты құрғақшылық кезеңдерінде ғана көрінетін «аш тастар». Бұл тастарда су тапшылығынан туындаған бұрынғы табиғи апаттар мен соған байланысты болған қиындықтар туралы хабарламалар қашалып көрсетілген. Эльбадан табылған «аш тастағы» ең көне жазба 1616 жылы жазылған екен. Онда «Мені көрсең, еңіреп жыла» делінген.

Өткен аптада АҚШ-тың Техас штатынының 90%-ға жуық аумағында қатты құрғақшылық болды. Салдарынан Орталық Техас саябағындағы өзен құрғап кеткен.

Сол кезде өзен түбінен 113 миллион жыл бұрын тіршілік еткен динозаврлардың іздері табылды. Әлгі іздерді археологтер «жалғыз рейнджер ізі» деп атады. 30,5 метр жерде 60-қа жуық із көрінген. Бұл – акрокантозавр ізі, ол терапод (жыртқыш) үш саусақты артқы аяқтарымен жүрген. Олардың бойы – 4,5 метрдей, ал салмағы – 7 тоннаға жуық болған.

Италиядағы тартылып жатқан По өзенінің жағасынан балықшылар салмағы 450 келі болатын жарылмаған бомба тапты. Италиялық әскерилердің айтуынша, жарылғыш заты бар бомба Ломбардтық Борго-Вирджилио ауылының маңынан табылған. Бұл елде соңғы 70 жылда болмаған, ең қатты құрғақшылық болып жатыр. Ұзындығы 650 км өзеннің көптеген бөлігі суалған.

Римдегі Тибр өзенінде өз-өзіне қол жұмсағанға дейін билік еткен император Нерон кезінде салынған көпірдің қирандылары пайда болды. Биыл Тибр суы бір метрден астам төмендеп, рекордтық минимумға жеткен.

Испаниядағы Орталық Касерес провинциясындағы Вальдеканас су қоймасының деңгейі үштен бірге төмендеп, түбінен тарихқа дейінгі тас шеңбері көрінген. Бұл шеңбер – испаниялық Стоунхендж аталатын Гвадалпераль дольмені, ол біздің дәуірімізге дейінгі 5000 жылға жатады.

Tags: құрғақшылық

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz