Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құмар ойынға 507 миллион теңге құртқан шенеуніктер анықталды

Қаржы министрлігі құмар ойынның қармағына түсіп, ойынханаға қыруар қаржы шығындаған үш қызметкерін тәртіптік жазаға тартқан болатын. Бұл мәселеге қатысты қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді.

30.06.2023
Жаңалықтар

Министрдің айтуынша, бастапқыда 25 қызметкерге қатысты деп ақпарат тараған.

«Бізде бұл мәселемен аппарат басшысы айналысады. Олар тікелей кадр мәселесіне жауап береді. Біз оны тек заң аясында қарастырамыз. Бастапқыда 25 қызметкерге қатысты ақпарат келген. Біз барлығы бойынша тиісті іс-шараларды қараймыз. Дегенмен аталған қызметкерлердің ішінде жұмыс істемейтіндері бар және жұмыстан өз еркімен кеткендері, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылғандары бар. Сондықтан да біз әрбір қызметкермен жеке-жеке қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп барып шешім қабылдадық», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында Алматы облысы прокуратурасы 305 шенеуніктің казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған. Оның ішінде Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері, Қаржылық мониторинг және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері, бірнеше әкімдік, тіпті Жоғарғы соттың да қызметкерлері бар. Тізімге іліккен әр мемлекеттік орган жұмысшыларын жауапқа тартуға міндеттелді.

Тегтер: Ерұлан Жамаубаевқұмар ойынШенеунік

Соңғы жаңалықтар

24–26 қазан: қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Президент құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

2027 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz