1200 орындық білім ордасының жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталған. Жауапты органдардың мәліметінше, нысанды пайдалануға беру осы жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.
Алматы облысы құрылыс басқармасының бас маманы Думан Молбай мердігер компания жұмысты белгіленген кестеге сай жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Ішкі әрлеу, электр желілерін тарту, инженерлік жүйелерді жаңарту, орталықтандырылған сервер орнату, спорт және акт залдары мен асханадағы жұмыстар толық аяқталды. Қазіргі таңда мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Сондай-ақ маманның айтуынша, жөндеу жұмыстарына қатысты ата-аналар тарапынан шағым түспеген.
Айта кетейік, Қонаев қаласында жалпы 14 білім беру мекемесі бар. Алдағы уақытта Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияны да күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.





