Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта рекорд: жазда қалаға 2 миллионға жуық турист келді

Биыл жазда Қонаев қаласына 2 миллионға жуық демалушы келген. Үш айдың қорытындысы бойынша Қапшағай су қоймасының жағалауындағы туристік ағын рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

Қонаев қаласының спорт және туризм басқармасының мәліметінше, биылғы шомылу маусымы соңғы жылдардағы ең ауқымды кезеңдердің бірі болды. Туристер санының артуына байланысты жаз бойы жағажайларды абаттандыру, инфрақұрылымды жаңарту және қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жүргізілді.

Қаладағы бірқатар жағажай жаңғыртылды. №6 және №7 жағажайлардағы жұмыстар толық аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Олардың жалпы абаттандырылған аумағы 7,57 гектарды, жағалау сызығының ұзындығы 680 метрді құрайды. Мұнда ауызсу және кәріз желілері тартылып, жағажай спортына арналған алаңдар, санитарлық тораптар мен демалуға қажетті инфрақұрылым жасақталған.

Сонымен қатар №4 жағажайға инвестор тартылып, абаттандыру жұмыстары басталды. Мұнда жыл бойы жұмыс істейтін мейрамхана салу жоспарланған. Солтүстік жағажайда да жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қонаевтағы ең танымал демалыс орындарының бірі – №5 жағажай. Жазда демалыс күндері мұнда күніне 4-5 мың адамға дейін келген. Маусым бойы жағажайда спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылып, шомылу маусымы JAGALAU FEST концертімен қорытындыланды.

Биыл Қонаевтағы туристік маусым жағажай демалысымен ғана шектелген жоқ. Қалада Aspan FEST, ашық суда жүзуден халықаралық Oceanman жарысы, Krida Open Water республикалық турнирі, ASP ARENA алаңындағы концерттер және Орталық Азия дрифт-шоуы өтті. Бұл шаралар да қалаға келетін туристер ағынының артуына ықпал етті.

Қазіргі таңда Қонаев аумағында 140-тан астам демалыс орны жұмыс істейді. Шомылу маусымы кезінде Төтенше жағдайлар департаменті, полиция және әкімдік қызметкерлері жағажайлар мен демалыс орындарында тұрақты рейдтер жүргізді. Шағын көлемді кемелерді пайдалану ережесін бұзған 91 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 млн 935 мың теңге айыппұл салынды.

Алдағы уақытта Қапшағай су қоймасында судағы «Формула-1» халықаралық жарысын өткізу жоспарланып отыр. Қалада туристік және спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасады.

Биылғы көрсеткіш Қонаевтың елдегі негізгі жазғы туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келе жатқанын аңғартады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz