Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қонаев қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026
Жаңалықтар

Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген өзекті мәселелер мен маңызды бастамаларды кеңінен насихаттау, қоғамда заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын отаншыл ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу.

Жиынды ашқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев Президенттің ұзақ жылдар бойы жинақтаған саяси және дипломатиялық тәжірибесі, ел болашағына қатысты ұстанымдары мен стратегиялық көзқарастары жүйеленген бұл жинақтың маңызына тоқталды.

Оның айтуынша, кітап Қазақстанның қазіргі қоғамдық-саяси даму бағытын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тағылымды еңбек саналады.

Жинақта ұлт сапасы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, цифрландыру мен жасанды интеллект, ұлттық экономика, халықаралық саясат, «Таза Қазақстан» бастамасы секілді өзекті тақырыптар қамтылған. Ғани Майлыбаев еңбектің ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін құнды екенін атап өтіп, көпшілікті кітапты оқып, ондағы ой-тұжырымдарды зерделеуге шақырды.

Дөңгелек үстел барысында зиялы қауым өкілдері де кітаптың мазмұны мен онда көтерілген мәселелерге қатысты пікірлерін ортаға салды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ержан Әбдірахманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын-жазушы әрі журналист Сәуле Досжан, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Тұрымбетов, заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазбек Дәуітәлиев Мемлекет басшысының еңбегіндегі негізгі идеяларға тоқталып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиын барысында әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау және елдің жаңа технологиялық дәуірдегі даму бағыты туралы мәселелер сөз болды.

Кездесуді қорытындылаған Ғани Майлыбаев қатысушыларға мазмұнды пікірлері мен маңызды ойлары үшін алғыс білдірді.

Дөңгелек үстел Президент еңбегінде көтерілген бастамаларды талқылап қана қоймай, қоғамның дамуы, азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына қатысты ой алмасатын пікір алаңына айналды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz