2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған спортшы бүгінгі күні де ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмай, азаматтық белсенділік танытып келеді.
Ақжүрек Таңатаров – Жамбыл облысының тумасы. Еркін күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлер мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері. Қазіргі уақытта ол Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.
Спортшының айтуынша, әр азамат ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте белсенділік танытуы қажет.
«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Спортшы әрі мемлекеттік қызметші ретінде Отан алдындағы міндетімді орындадым. Конституциялық реформа барша қазақстандықтың тағдырына тікелей әсер етеді. Сондықтан жасы 18-ден асқан, дауыс беруге құқығы бар әр адам кемел келешек үшін өз таңдауын жасауы тиіс. Көк туымызды көкте желбіретер спортшыларымыз көп болсын! Біз халық үшін аянбай еңбек етуге әрдайым дайынбыз», – деді Ақжүрек Таңатаров.





