Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта казино орналасқан бес қабатты ғимарат аукционға қойылды

Қонаев қаласында казино, қонақүй және мейрамхана орналасқан ірі коммерциялық кешен электронды аукцион арқылы сатылымға қойылды. Ғимарат, жер телімдері мен жабдықтарды қоса есептегендегі бастапқы құны 1 миллиард 762 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Alataunews.kz Qonaev-gorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026
Жаңалықтар

Sauda.e-qazyna.kz электронды сауда порталында жарияланған мәліметке сәйкес, сатылымға шығарылған нысан Қонаев қаласындағы Индустриальная көшесі, 11 мекенжайында орналасқан. 2014 жылы салынған бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы 5 122,5 шаршы метрді құрайды. Кешен аумағында казино, қонақүй және мейрамхана жұмыс істеуге арналған орындар қарастырылған.

Аукционға қойылған мүліктің құрамына ғимараттан бөлек екі жер телімі енгізілген. Оның біріншісі кешенге іргелес орналасқан, ауданы – 0,2257 гектар. Екінші жер телімінің көлемі 0,27 гектарды құрайды. Ол Индустриальная көшесі, 15/5 мекенжайында орналасқан. Сонымен қатар сатып алушыға трансформаторлық қосалқы станцияның жабдықтары да ұсынылады.

Электронды сауда порталындағы ақпаратқа сәйкес, нысанның бастапқы бағасы 1 762 362 331 теңге болып белгіленген. Ал аукционға қатысу үшін 264 354 350 теңге мөлшерінде кепілдік жарна енгізу қажет.

Ірі коммерциялық нысанды сатылымға «Эксимбанк Қазақстан» АҚ шығарған. «BaGa Consulting» ЖШС 2026 жылғы 3 шілдеде дайындаған бағалау есебіне сәйкес, саудаға қойылған мүліктің нарықтық құны шамамен 1,76 миллиард теңгеге бағаланған. Аукцион 2026 жылғы 21 қазан күні сағат 10:45-ке белгіленген. Сауда бағаны көтеру тәсілімен өткізіледі. Яғни қатысушылар бастапқы бағадан жоғары ұсыныстар енгізу арқылы нысанды сатып алу құқығына таласады.

Аукционның нәтижесі мен кешеннің жаңа иесі туралы ақпарат бастапқы хабарламада көрсетілмеген.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта тәтті тоқаш шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Қонаевта казино орналасқан бес қабатты ғимарат аукционға қойылды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Қонаев әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Жаңа Конституция: кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестікке құқықтық кепілдік

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Алматы облысында дрондардың көмегімен 3900-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz