Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 900 орындық мектептің құрылысы басталды

Қонаев қаласында саяжай алқаптарында тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Білім беру нысаны жеке инвестордың қаражаты есебінен салынып жатыр. Жобаны бір жыл ішінде аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Alataunews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
02.11.2026
Жаңалықтар

Қазіргі таңда құрылыс алаңында жер қазу және аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов құрылыс басына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ инвесторлармен кездесіп, жаңа білім беру нысанының уақытылы пайдалануға берілуіне қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік қолдау және тараптардың өзара ынтымақтастығы сөз болды.

Қонаев қаласында саяжай алқаптары тұрғындарының балалары үшін мектеп мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта осы аумақтарда тұратын 1200-ге жуық оқушы күн сайын білім алу үшін қаладағы мектептерге қатынауға мәжбүр. Жаңа білім беру мекемесінің салынуы аталған мәселені шешуге бағытталған. Мектеп пайдалануға берілгеннен кейін саяжай тұрғындарының балалары үшін білім алу мүмкіндігі кеңейіп, қаладағы қолданыстағы мектептерге түсетін жүктеме азаяды деп күтілуде.

Қала әкімі Асхат Бердіхановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары облыс басшылығының тапсырмасымен қолға алынған.

«Бұл нысанның құрылысы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен басталды. Құрылыс жұмыстарын бір жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр», – деді қала әкімі.

Жобаны «NEW Construction LTD» ЖШС жеке инвестиция есебінен жүзеге асырып жатыр. Жоба жетекшісі Денис Брюхановтың мәліметінше, білім беру нысанына 2 гектар жер телімі бөлінген. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа білім ордасы 900 оқушыға есептелген. Құрылыс аяқталғаннан кейін қаладағы білім беру инфрақұрылымы тағы бір нысанмен толығады.

Қазіргі уақытта Қонаев қаласында 10 мектеп жұмыс істейді. Оның тоғызы мемлекеттік білім беру ұйымы болса, біреуі жекеменшік мектеп. Қаладағы білім беру мекемелерінде 13 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Халық санының өсуі мен тұрғын үй аумақтарының кеңеюі білім беру инфрақұрылымын дамытудың маңызын арттырып отыр. Әсіресе саяжай алқаптарында тұратын отбасылар үшін мектептің қолжетімділігі күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, жаңа мектеп құрылысы оқушы орындарының тапшылығын азайтып қана қоймай, балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
02.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
02.11.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
02.11.2026

Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері

Акжаркын
02.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
02.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz