Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қонаев қаласының сәулеттік келбеті жыл санап жаңарып, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы қарқын алып келеді. Қалада жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріп, Кешенді даму жоспары аясында бірқатар әкімшілік нысандар салынып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026
Жаңалықтар

Қазіргі таңда Қонаевта жалпы аумағы 103 мың шаршы метр болатын 19 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған жобалар мыңдаған пәтерді қамтып, қала тұрғындарын заманауи әрі жайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан тұрғын үй кешендерінің қатарында «NNS City», «Comfort», «Аристократ», «Абай», «Самұрық», «Атамекен», «Өркен», «Qonaev Breeze», «Jagalau», «Бригантина», «Qonaev Residence», «AY-CITY», «Спутник», «Мегаполис» және басқа да жобалар бар.

Қаладағы тұрғын үй құрылысының көлемін арттырумен қатар, биыл пайдалануға берілетін баспана көлемін ұлғайту көзделіп отыр.

– Биыл 62 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде жыл басынан бері 27 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шеңгелді ауылында жеке тұрғын үйлер бой көтеріп, құрылыс қарқыны артты, – деді Қонаев қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мирхан Бердіғалиев.

Қаланың әкімшілік инфрақұрылымы да қатар жаңғыртылуда. Кешенді даму жоспары аясында қазіргі уақытта алты әкімшілік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Департаменттер үйі, Полиция департаменті, облыстық сот және өзге де мемлекеттік мекемелерге арналған ғимараттар бар.

Сонымен қатар, қалада спорттық инфрақұрылымды дамытуға да басымдық берілуде. Жақында аумағы 1 гектар болатын денешынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы басталды. Нысан жеке инвестиция есебінен салынуда.

Жаңа спорт орталығында тұрғындарға пауэрлифтинг, бокс, күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беріледі.

Осылайша, Қонаевта тұрғын үй құрылысы ғана емес, әкімшілік, әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар да қатар жүргізіліп, қаланың заманауи әрі жайлы орталық ретінде қалыптасуына жол ашып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz