Іс-шара көктемнің жаңаруымен тұспа-тұс келген Наурыз мерекесінің мәнімен үндесіп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталды. Сонымен қатар акция елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдауға арналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ағаш отырғызу – тек табиғатты көгалдандыру ғана емес, қоғамдағы жаңару мен оң өзгерістердің символы. Көктемде егілген әрбір көшет табиғаттың қайта түлеп, өмірдің жаңаратын кезеңін білдіреді.
Акцияға қатысқан жастар қала тұрғындарын табиғатты аялауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
«Көктем – табиғаттың жаңаратын кезеңі. Бүгін жастардың ағаш отырғызу бастамасын қолдап, қаламыздың жасыл қорын көбейтуге үлес қосып отырмыз. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам. Осындай игі шаралар қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды табиғатты аялауға үндейді», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.





