Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында «Алтын сақа» қалалық асық ату ойыны өтті

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында "Алтын сақа" атты асық ойнаудан қалалық жарыс өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

13.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Жарысқа шаһардың 20 шақты мектеп оқушылары қатысты. Орталық саябақта асық ату үшін арнайы шеңбер сызылған. Бұл алдағы уақытта қала тұрғындарының қалаған кезінде келіп, ойнайтын жері болмақ. Балалар ойын ережесімен танысқан соң, бірден ойнай бастады. Сайыста қалыпты қазақи ойын ережесінен ерекшеленген қағидалар болмады.

Бір сағатта өз межесіне жеткен ойында 3-ші орынды Абдурахман Есбол, 2-ші орынды Асылбек Исабек иеленді. Ал Мәметай Бақдәулет балалар арасынан топ жарып, 1-ші орынды жеңіп алды. Оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ойында бағы мен бабы қатар шаппаған жеткіншектерге ынталандыру сыйлығы табысталды.

Айта кетейік, бұл шара Алматы облысының «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Аталған мекеменің басшысы Ерасыл Толымбекұлы қалаға «Алтыбақан» орнату жоспарланып отырғанын айтты.

 

1 of 8
- +
Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz