Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Ұлттық қордың активтерін басқарудың 7 жылдық тұжырымдамасы әзірленді

ҚР Ұлттық банкі 2030 жылға дейін Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы дайындады. Жоба «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

14.04.2023
Қоғам

Ұлттық банк дерегінше, тұжырымдама инвестициялық саясатты, Ұлттық қордағы активтерді басқарудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін айқындайды.

«Тұжырымдамада активтерді стратегиялық аллокациялауды жүзеге асыру үшін қажетті Ұлттық қор қаражатын ұзақмерзімді инвестициялау қағидаты белгіленген. Бұл тәуекелді және қорғаныс активтер класын құрамдастырып қолдануға мүмкіндік береді. Ұлттық қордағы жинақ портфелінің үлесі келесідей бөлінеді: 60% — облигациялар, 30% — акциялар, 5% дейін балама құралдар және 5% дейін — алтын. Жаңаша бөлу облигациялар портфелін дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларына, корпоративтік облигацияларға және дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларына да әртараптандыруды көздейді», — деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар бекітілуі мүмкін тұжырымдама инвестициялық процестің негізі болмақ. Бұған қоса, ол Ұлттық қордағы активтерді басқару тиімділігінің көрсеткіштерін анықтайды.

«Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан Ұлттық банкінің ұзақмерзімді институционалдық инвестор ретіндегі мәртебесін растау үшін қажетті іргетасты нығайту және негіздерді бекіту. Тұжырымдаманы іске асыру, яғни, онда белгіленген шектеулерді, қағидаттар мен тәсілдерді сақтау 2030 жылға қарай 100 млрд доллар жинақтауға және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді», — деп түсіндірме берілген тұжырымдамаға.

Құжат негізінде инвестициялық портфельді әртараптандыру, қорғаныс стратегиясы мен ESG қолданудың басымдықтарын айқындау міндеті қойылған. Тиісінше, аталған бағыттар бойынша қолға алынатын істер Ұлттық қордың кірістілігін арттырады.

Тегтер: ҚазақстанҰлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz