Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Сабақ кезінде оқушы мен мұғалімнің ұялы телефон пайдалануына тыйым салынуы мүмкін

Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін.

10.03.2023
Қоғам

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

«Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі», — деп жазылған жаңа редакцияда.

Сонымен бірге, жаңа өзгеріске сәйкес мектептің ішкі тәртібіне қарама-қайшы әрекет жасаған оқушылар, олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертпестен мектептен шығарылмайды.

«Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды», — делінген құжатта.

Бұған қоса, сабақ кезінде қажеттілік болмаған жағдайда педагог пен оқушыға ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.

«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», — деп өзгеріс енгізілген бұйрыққа.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада жоғарыда аталған ережелер жоқ.

Бұйрық 28 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Тегтер: мектепоқушыұялы телефон

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz