Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті

Бүгіннен бастап қазақстандықтар қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін төрт есе артығымен айыппұл төлейді.

06.03.2023
Қоғам

Қоғамдық орында балағат сөз айту Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінде «ұсақ бұзақылық» санатына жатады.

Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық қатарына жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарға, құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ пайдалану орындарына, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікке нұқсан келтіру, айналаға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын жайттар жатады.

Сонымен Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салатын немесе 15 тәулікке дейін қамауға алатын еді. Ал бүгіннен бастап айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

«Соңғы жылдары бөтеннің мүлкіне, оның ішінде азаматтар ортақ пайдаланатын заттарға қасақана зақым келтіру фактілері жиіледі. Сіздер өмірде кіреберістердегі зақымдалған лифттер, айналасы сынған, түймелері өртенген, түрлі жазумен бүлдірген фактілерге тап болған шығарсыздар. Көбіне мұндай әрекетті адамдар қасақана жасайды. Яғни, олар саналы түрде басқаның мүлкін бүлдіреді», — деген еді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев министрліктің апталық брифингінде.

Оның айтуынша, залал мөлшері оған жетпеген жағдайда азаматтар өздері дәлел жинау, олардың жүрген жерін білу сияқты мәселелермен айналысады. Өйткені залалды өтеу азаматтық-құқықтық алаңда шешіледі.

Еске салсақ, биыл 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Тегтер: айыппұлбалағат сөзқоғам

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz