Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда жылына 42 мың адам жүргізуші куәлігін сатып алады

Respublica партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жол-көлік оқиғаларын азайту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі.

20.04.2023
Қоғам

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 10-15 мың жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Жылына елімізде 10-15 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адам қайтыс болады. Соңғы 30 жылда жол апатынан көз жұмғандардың саны Ауған соғысынан қаза тапқан әскерлердің санынан төрт есе асып отыр. Жол апаты салдарынан туындайтын экономикалық шығынның көлемі жалпы ішкі өнімнің үш пайызын құрайды. Өкініштісі, жол апатынан қаза тапқандардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай оқиғалардың көбеюіне емтихан тапсырмай-ақ, жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай сатып алу мүмкіндігі себеп болып отыр. Ондай емтиханды мердігер компанияның қызметкерлері де, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары да ұсынып жүр. Жыл сайын жол ережелері емтиханын тапсырушылардың саны орта есеппен 420 мың адамды құраса, ең төменгі жобамен олардың 10 пайызы, яғни 42 мың адам куәлікті сатып алады. Одан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады.

Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен бұл мемлекеттік қызмет түрін Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпарациясы құзіреттілігі аясында алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктері, Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің қатысуымен кеңесші орган құрылды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам өліміне әкеліп соғатын жол көлік оқиғаларын азайтуға және осыған жол беретін сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырған еді.

Тегтер: куәлікҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz