Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда білім гранттарына өтінім қабылдау басталды

Еліміз бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.

13.07.2023
Қоғам

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады.

  • Офлайн негізде – жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы құжат тапсырғанда  тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады;
  • Онлайн негізде – шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды;
  • Онлайн. Egov.kz порталы арқылы құжат тапсыруға болады.

Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.

«Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», — дейді мамандар.

Талапкерлерден грантқа құжаттарды қабылдау түнгі уақытта да жүргізіледі.

Айта кетерлігі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейі бойынша бөлінген білім гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды.

Гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген.

Сондай-ақ педагогикалық квота бойынша гранттар саны артып, 2023 жылы 6 280 грант бөлінді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 3 653 грант бөлінді.

Министрлік биыл 135 мың бала грантқа үміткер екенін мәлім етті.

Тегтер: грантҚазақстанөтініш

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz