Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда 2029 жылға қарай 250 мыңнан астам IT мамандары дайындалады

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Цифрлық трансформация, IT-саланы дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасының 2023-2029 жылдарға арналған жобасы қаралды. Бұл туралы Alataunews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

31.01.2023
Қоғам

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тұжырымдаманы іске асыру 5 минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90%-ға дейін ұлғайтуға, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін толық цифрландыруға, 250 мыңнан астам біліктілігі жоғары IT-кадрларды даярлауға, IT-өнімдер мен қызметтер экспортының көлемін $1,5 млрд-қа дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Astana Hub технопаркі аясында шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін баяндады.

«Жалпы жастар арасында IT-сала экономика, қаржы және құқықтанудан гөрі көбірек таңдалады. Жастардың көбі IT-инжинирингке және осы саланың басқа да бағыттарына барғысы келеді. Министрлік бұл үрдісті белсенді түрде қолдауы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар кеңесте тұжырымдама аясында республикада өңірлік цифрлық хабты қалыптастыру, байланыс саласын одан әрі демонополизациялау, киберқауіпсіздікті кешенді нығайту және денсаулық сақтау, білім беру, азаматтық қауіпсіздік салаларында жасанды интеллектіні дамыту үшін негіз құру жөніндегі шаралар іске асырылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ азаматтар мен бизнесті жылдамдығы жоғары интернетпен (кемінде 100 Мбит/с), ал республикалық және негізгі облыстық жолдарды мобильді кең жолақты желілермен қамту бойынша жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.

Тегтер: IT мамандарыӘлихан СмайыловБағдат МусинҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz