Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Психикалық дерті бар науқастарды бақылау мен есептен шығару тәртібі өзгермек

Психикалық дерті бар пациенттердің жай-күйін бақылау, оны есепке алу мен одан шығару электронды жүйе арқылы жүргізіледі.

15.02.2023
Қоғам

Мұндай өзгеріс туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығында жазылған.

«Дәрігерлік-консультациялық комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылатын динамикалық байқауға алу, динамикалық байқауды алып тастау, есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру туралы деректерді енгізу тек электронды цифрлық қолтаңбамен расталған дәрігерлік-консультациялық комиссия мүшелерінің логин, паролі арқылы жүзеге асырылады», — делінген жаңа редакцияда.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ. Министрлік берген түсіндірме бойынша бұл жоба Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес міндетті дербес есепке алу және МӘМС жүйесіндегі шығыстардың баршаға қолжетімді болуы үшін ұсынылып отыр. Сонымен қоса, енді уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына қабылданатын науқастардың картасы да электронды нысанда толтырылмақ.

«Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына жатқызылған пациенттің картасы толтырылады. Ол құжат статистикалық карта да болып есептеледі. Бұл процес медициналық ақпараттық жүйелер арқылы да іске асырылады», — деп көрсетілген құжатта.

Бұйрық жобасын ашық талқылау 28 ақпанға дейін жалғасады.

Тегтер: электронды жүйе

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жинағын алу шегі көтерілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Министр 30 тамызға қатысты нақты жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Алматы облысында екі бірдей АЭС салынады, дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

Қонаев қаласында ТҮКШ бөліміне жаңа басшы келді

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz