Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Келесі оқу жылынан бастап жоғары сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Алдағы оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сыныптарды аяқтаған оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыруы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

23.01.2023
Қоғам

«2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10-сынып) деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізіледі. Қазақ тілі бойынша емтихан оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады. Тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан (5 балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (5 балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі», — делінген құжатта.

Бұйрықтың түсіндірмесінде жазылғандай, мұндай өзгеріс қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында енігізілгелі отыр.

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілі бойынша емтихан енгізіледі», — деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Ескеретіні — бұл норма 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық 3 ақпанға дейін көпшілік талқылауында болады.

Тегтер: емтиханқазақ тілімектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz