Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа туған балаларға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) беру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

05.07.2023
Қоғам

Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш білдіргеннен кейін ғана берілетін. Сол себепті біраз бала ата-аналары мұндай куәлікті алғанға дейін есепке алынбайтын. Бұрынғы жүйеге сәйкес Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Сосын ішкі істер органдары балаға ЖСН жасап, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін.

Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, оның негізінде баланың ЖСН-ы қалыптасады. Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызметтер автоматты түрде көрсетіледі.

Олар: бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу; бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем. Сонымен қатар жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді (3 жұмыс күні ішінде жауап беру керек). Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.

Осылайша туу туралы куәлік берілгенге дейін балаға ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде дүниеге келген балаларды толыққанды есепке алуға ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Тегтер: ЖСНҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына 1800-ге жуық адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Қорлан Нұрланқызы
10.08.2026

Алкогольге тәуелділік: себептері мен салдары

Диана Ахметова
10.08.2026

Жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
10.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz