Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алты мың адам сенім телефонына хабарласып, психологиялық кеңеске жүгінген

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының сенім телефондары «Республикалық психикалық денсаулықты сақтаудың бірыңғай ақпараттық қызметіне» қосылды.

31.01.2023
Қоғам

3580 call-орталығының нөмерін теріп, алып шаһардың тәжірибелі клиникалық психологтарынан кеңес алуға болады. Бұл жайында орталық директоры Сапар Рахменшеев хабарлады.

Бұл пилоттық жоба Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің техникалық қолдауымен дүниеге келді. Алматы, Тараз және Семей қалаларында call-орталықтары жұмысын бастады.

Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығының сенім телефондары 2015 жылы жұмысын бастады. Алматылық психиатрлар тәулік бойы 1303 номеріне хабарласқан қала және республика тұрғындарына кеңес берген. Сенім телефоны іске қосылған жылы 236 адам хабарласқан болса, былтыр психологтар 6 мыңға жуық тұрғынның мұң-шерін тыңдап, қызмет көрсетіп, ақпараттық қолдау білдірген.

«Күндіз-түні 20, 30, кейде 40-қа жуық тұрғын қоңырау шалады. Олардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Ел арасында психологтарға бару ұят деп намыстанатын адамдар әлі бар. Тіпті науқас туысының ақыл-есі кем немесе басқа да психикалық ауруға шалдыққанын туысынан жасырып, дертін асқындырып медициналық мекемелерге жүгінген жәйттер аз емес. Сенім телефоны 8 жылда осындай психологиялық көмек жайлы қате пікір, теріс көзқарасты өзгертуге ықпал етті деп айтуға болады», — дейді орталық басшысы Сапар Рахменшеев.

Психиатриялық, наркологиялық қызметке мұқтаж тұрғындар психологтарға ағынан ақтарылып, көкейіндегі мәселесін тарқатып, өзіне қажетті ақпаратты алады.

Психологтарға денсаулық сақтау саласы ғана емес, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қай мекемеге барып, қандай құжат алу керек деп жиі сұрайды. Сенім телефонында кәсіби, тәжірибелі клиникалық психологтар Республиканың түкпір-түкпіріндегі халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Орталық мамандарының мақсаты да осы.

Психологиялық көмек тегін және әр адамның сыры құпия сақталады.

Тегтер: алматысенім телефоны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz