Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматы қаласы некелесу мен ажырасудан алда тұр

Елімізде ең көп неке Алматы қаласында тіркеледі екен.

16.03.2023
Қоғам

Айта кетерлігі, ажырасу бойынша шаһар алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды Alataunews.kz Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Өткен жылы елімізде 128,5 мың жұп некесін қидырды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз.

Қалаларда неке қидыру көрсеткіші бір жылда 14%-ға, (85,5 мыңға дейін) қысқарды, ал ауылдарда керісінше, 5,4%-ға (43,1 мыңға дейін) өсті.

Былтыр елімізде 17,7 мың жұп ажырасқан, былтырға қарағанда 8,1%-ға азайған. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 11,9%-ға (13,1 мыңға дейін) азайса, ауылдарда 4,7%-ға яғни 4,6 мыңға артқан.

Өңірлер бойынша ең көп неке (13,6 мың) Алматыда тіркелген. Аталған көрсеткіш былтырға қарағанда 27,6%-ға аз.

Одан әрі үштікке халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы (жылына 13,3 мың, минус 4%) және Астана қаласы (10,7 мың, минус 12,7%) кіреді.

Ең аз некелесу Ұлытау облысында тіркеліп отыр.

Ажырасу саны бойынша Алматы (2,3 мың), Астана және Қарағанды облысы (әр өңірде 1,6 мың ажырасу) алдыңғы қатарда.

Ал Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау облысында ажырасатындар қатары аз.

Елдегі неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,29-дан 6,46-ға дейін төмендеді. Некенің ең жоғары коэффициенті елордаға тиесілі.

Атап айтқанда, 1000 адамға шаққанда 7,72 пайыз. Көшбасшылар үштігіне Алматы және Қарағанды облысы кіреді.

Қазақстанда ажырасу коэффициенті де 1000 адамға 1-ден 0,89-ға дейін төмендеген.

Өңірлер бойынша жоғары коэффициенттер ШҚО, Қарағанды және Павлодар облысына, ал ең азы Түркістан облысында тіркелді.

БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, ТМД елдері арасында 2021 жылы ең жоғары неке коэффициенті Өзбекстанда тіркелді (1000 адамға 8,8) тіркелді.

Екінші және үшінші орында Молдова мен Қырғызстан (1000 адамға 8,6 және 7,6) орналасқан.

Қазақстанға келсек, коэффициент 1000 адамға шаққанда 7,4 пайыз. Одан әрі Беларусь 6,4, Әзірбайжан 5,6, Армения 4,1 және Украина 4.

Ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Молдовада байқалды, 1000 адамға шаққанда 3,8 келеді. Одан кейін Беларусь пен Украина (1000 адамға 3,7 және 2,9) келеді.

Қазақстанда коэффициент 1000 адамға 2,5 құрады. Сонымен қатар Қырғызстанда 1,8, Әзірбайжанда 1,7, Өзбекстанда және Арменияда 1,1.

Тегтер: ажырасуалматыҚазақстаннеке

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz