Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алаяқтар интернетте жалған жанармай карталарын сата бастады

Әлеуметтік желіде жанармай карталары сатылатыны жөнінде хабарландырулар тарап жатыр.

11.04.2023
Қоғам

Картаны белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін, жанармай құю станциясында ақша төлеудің қажеті жоқ делінеді. Ақпаратты Stopfake.kz тексеріп көрді.

«Қолданыста жоқ жанармай карталары алғаш рет 2021 жылы Ресейде сатыла бастады. Алаяқтар карталарды арнайы әзірленген сайт арқылы сатқан, ал сенгіш көлік жүргізушілері ақшаны олардың шотына аударып отырған», — делінген сайтта.

Анықталғандай, Қазақстанда алаяқтық схемасы сәл басқаша.

Автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және «Газпром» компанияларының жанармай карталары ұсынылады. Сатылым Telegram арқылы Қостанайда расымен де жұмыс істеп тұрған компания атынан жасалып жатыр. Алайда, ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіш құралдарды толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар, 2Gis қызметінде жанармай карталарын алу үшін компанияның кеңсесіне хабарласып, ол жерден ешкімді таппаған адамдардың пікірлері жазылған.

Айта кетейік, Helios, Qazaq Oil және «Газпром» ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған.

Qazaq Oil карталарды компаниямен шарт жасасқаннан кейін ресми сату орталықтарында 500 теңгеге сатып алуды ұсынады.

Ал Helios компаниясының сайтында жанармай карталары туралы ақпарат мүлдем жоқ. Оның орнына клиенттерге арнайы бонустық карталарды рәсімдеу ұсынылады.

«Газпром» компаниясында корпоративтік клиенттерге арналған жанармай карталары бар. Оны компаниямен ресми келісімшарт жасасқаннан кейін ғана сатып алуға болады.

«Қорыта айтқанда, жанармай карталарын сату жарнамасы – алаяқтардың ісі. Компаниялардың жанармай карталары ресми бөлімдерде сатылады және оларды ресми келісімшарт жасалғаннан кейін ғана сатып алуға болады. Қазнетте карталары сатылып жатқан компания мүлдем басқа қызметпен айналысады, және оның карталар сатуға ешқандай қатысы жоқ», — деп қорытындылайды Stopfake.kz.

Тегтер: алаяқжанармайинтернет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz