Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазпоштада жалпы сомасы 396,7 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды

«Қазпошта» АҚ Қауіпсіздік қызметі мен Тексеру және бақылау басқармасы 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 396,7 млн теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
21.05.2024
Жаңалықтар
Фото: kursiv.kz

Фото: kursiv.kz

Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Қазпошта орталықта да, жергілікті аймақтарда да қылмыспен белсенді түрде күресуде. Құқық қорғау органдарына жолданған 26 материал бойынша 24 қылмыс тіркелді. 4 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, сотталғандар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. 1 қылмыстық іс тоқтатылды, 5 қылмыстық іс оңалтуға жатпайтын негізде тоқтатылды, 12 қылмыстық іс өндірісте (1 – ТЖД өндірісінде, 11 – ішкі істер органдарында), 2 қылмыстық іс оңалту белгілері бойынша тоқтатылды. Қылмыстың жалпы саны 1,9 есеге (2022 ж. 47-ден 2023 ж. 24-ке дейін) азайды.

Айтпақшы, 2023 жылдың мамыр айында Қазпошта Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының «Алтын деңгей» қауіпсіздік сертификатын иеленді. Яғни, Қазпошта Дүниежүзілік пошта одағының қауіпсіздік стандарттарының сертификаттауынан сәтті өтті.

Қазпошта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің пошта қызметтерінің ішінде бірінші болып екі стандарт бойынша сертификат алды — қауіпсіздік стандарттары және халықаралық әрі ішкі пошта жөнелтілімдерін өңдеудің өндірістік базасы және технологиялық процестері.

Ең жоғары деңгейдегі сертификатты алар алдында Дүниежүзілік пошта одағының Алматы қаласындағы халықаралық пошта айырбастау пунктері, оңтүстік астананың әуежайы және Алматы пошта бөлімшесі комиссиясының тексеруі өтті.

«Қазпошта» АҚ қоғамдағы қылмыспен және ұрлықпен белсенді күресуді жалғастыру міндеттемесін растайды.

Тегтер: «Қазпошта» АҚБасты жаңалықтарҚауіпсіздік қызметіТексеру және бақылау басқармасы

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz