Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Қазпошта орталықта да, жергілікті аймақтарда да қылмыспен белсенді түрде күресуде. Құқық қорғау органдарына жолданған 26 материал бойынша 24 қылмыс тіркелді. 4 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, сотталғандар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. 1 қылмыстық іс тоқтатылды, 5 қылмыстық іс оңалтуға жатпайтын негізде тоқтатылды, 12 қылмыстық іс өндірісте (1 – ТЖД өндірісінде, 11 – ішкі істер органдарында), 2 қылмыстық іс оңалту белгілері бойынша тоқтатылды. Қылмыстың жалпы саны 1,9 есеге (2022 ж. 47-ден 2023 ж. 24-ке дейін) азайды.
Айтпақшы, 2023 жылдың мамыр айында Қазпошта Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы ретінде Дүниежүзілік пошта одағының «Алтын деңгей» қауіпсіздік сертификатын иеленді. Яғни, Қазпошта Дүниежүзілік пошта одағының қауіпсіздік стандарттарының сертификаттауынан сәтті өтті.
Қазпошта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің пошта қызметтерінің ішінде бірінші болып екі стандарт бойынша сертификат алды — қауіпсіздік стандарттары және халықаралық әрі ішкі пошта жөнелтілімдерін өңдеудің өндірістік базасы және технологиялық процестері.
Ең жоғары деңгейдегі сертификатты алар алдында Дүниежүзілік пошта одағының Алматы қаласындағы халықаралық пошта айырбастау пунктері, оңтүстік астананың әуежайы және Алматы пошта бөлімшесі комиссиясының тексеруі өтті.
«Қазпошта» АҚ қоғамдағы қылмыспен және ұрлықпен белсенді күресуді жалғастыру міндеттемесін растайды.